Аудан әкімі депутаттар алдында есеп берді

Аудан әкімі депутаттар алдында есеп берді

Бүгін аудандық мәслихаттың VIII кезекті сессиясында аудан әкімі Асылбек Шаменов депутаттар алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді.

Асылбек Өмірбекұлы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына, Covid-19-ға қарсы күрес жөніндегі шараларға тоқталып, ауданда барлық бағыттар бойынша өсім бар екендігін атап өтті. Есеп беруден кейін депутаттар ауылдық жерлерді, жұмыссыздық, стритбол алаңын салу, көшелерді асфальттауға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Жарыссөзде сөз сөйлеген депутаттар Әілби Бекжанов, Қаншагүл Мұстафаева, Асылбек Тәуіпбаев аудан өзінің әлеуметтік - экономикалық дамуында жақсы қарқын алғанын және жалпы аудан әкімінің жұмысын мақұлдауды ұсынғанын атап өтті.

Сондай-ақ, депутаттар 2021 жылғы бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады, «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Жалағаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы өзгерістер енгізді.