Жалағаш ауданы тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген

Жалағаш ауданы тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген
Халықты таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету-басты назарда тұрған міндеттердің бірі. Қазіргі таңда ауданның барлық елді мекендер тұрғындары 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Жалағаш кенті, Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің өсу динамикасына сәйкес 790,0 млн. теңгені құрайтын ауыз су желісін кеңейту жұмыстарының жобалары республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды.