Аудан әкімі А.Шаменов ауыл әкімдерін тұрғындарға таныстырып, сәттілік тіледі

Аудан әкімі А.Шаменов ауыл әкімдерін тұрғындарға таныстырып, сәттілік тіледі

25 шілде күні Жалағаш ауданы бойынша 4 ауылдық округте 5 учаске бойынша сайлау өткізілді. Саяси науқанға аудан халқы үлкен ауызбіршілік танытып, науқан сайлау заңнамасына сай өтті. Тізімге енгізілген сайлаушылардың 87,7 пайызы, яғни 3156-сы дауыс берді. Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өткізілді, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.

Бүгін аудан әкімі Асылбек Шаменов 4 ауылдық округтің, атап айтқанда Аққыр, Аламесек, Бұқарбай батыр, Қаракеткен ауылдық округінің әкімдерін елді мекен тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аққыр ауылдық округіне Жаңабек Матаев, Аламесек ауылдық округіне Дәулет Тәжібаев, Бұқарбай батыр ауылдық округіне Сағат Байділдаев, Қаракеткен ауылдық округіне Әділ Тоқтаров ауылдық округ сайлаушыларының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне сайланды.