Жалағаш кентінде 25 тұрғын жай көгілдір отынға қосылды

Жалағаш кентінде 25 тұрғын жай көгілдір отынға қосылды

Бүгінгі таңда Жалағаш кентінде 25 тұрғын жай көгілдір отынға қосылды. Аудан орталығында газдандыруға байланысты "Қызыл­орда газ тарату жүйесі" мекемесі Жалағаш кенті учаскесінің мамандары тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында газды қауіпсіз пайдалану нұсқаулықтарын түсіндіруді тұрақты жүргізуде.

Жалағаш кентінде газ құбыры желісін тұрғын үйлерге кіргізу бағытында "Жаңа үй" ЖШС, «КазЭнергоПроектСтрой» ЖШС,«KzStroy company» ЖШС, «Шыңғысхан және К» ЖШС, «ГазРеммантаж» ЖШС және «Жүніс және К» ЖШС, «Elite StoryKZO» ЖШС, «GAS NEFT SERVICE» ЖШС, «ДосСтройПроект» ЖШС өз қызметтерін көрсетуде.

"Қызыл­орда газ тарату жүйесі" мекемесінің Жалағаш кенті учаскесі аудан орталығындағы Әйтеке би көшесі №28 мекенжайдағы, бұрынғы Жалағаш кенті әкімшілігінің ғимаратында орналасқан. Тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз газ жеткізу үшін тәулік бойы «109» нөмірі арқылы диспетчер мен авариялық бригадасы жұмыс жасауда.