Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Ғалым Әміреев ауданға жұмыс сапарымен келді

Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Ғалым Әміреев ауданға жұмыс сапарымен келді

Жылдағы дәстүрге сай Парламент Мәжілісінің депутаттары ел аралауды бастап кетті. Бүгін аудандағы тұрғындардың жағдайымен танысу үшін ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ғалым Әміреев пен Бақытбек Смағұл жұмыс сапарымен арнайы келді.

Халық қалаулылары ең алдымен Таң ауылдық округіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №118 орта мектептің жұмысымен танысты. Қазіргі таңда мектептің 60-70 пайызға жуық жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, терезе орнатылып, сылақ жүргізіліп, мектептің сыртқы беті металл сайдингпен қапталуда. Биылғы жылдың мамыр айында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы жөндеу жұмыстары басталған мектепті жаңа оқу жылына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Мәжіліс депутаттары құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің өкіліне уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырып, ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Бұдан бөлек Таң ауылында осы бағдарлама аясында 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, «Таң ЛТД» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен биыл елді мекендегі көшелердің 3,5 шақырымы жарықтандырылып, 6 шақырым жерге ағаш отырғызылып, қоршау жұмыстары жүргізілді. 7 ауыл тұрғынына ауыл ішінен тұрғын үй алып беріп, елді мекенге кіретін ауыр жүк көліктері үшін жолдың оң жағы мен сол жағына тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Шаруашылық арқылы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға 515 млн теңге қаржы жұмсалды.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Ғалым Әміреев ауданға жұмыс сапары барысында «Бизнеске арналған Үкімет» кәсіпкерлер үйінің жұмысымен танысты.

"Бизнеске арналған үкімет" алдағы уақытта кәсіпкерлік саласында серпін қалыптастыруға өз көмегін тигізері анық.

Нысанда "Атамекен" Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және кәсіпкерлік саласына жауапты басқа да құрылымдар шоғырланған. Екінші деңгейлі банктерге филиалдарын отырғызуға ұсыныс жасалған. Ғимаратта тұрғындарға кәсіпкерлік мақсатта қызмет көрсететін орындар, семинар өткізуге арналған мәжіліс залы қарастырылған. Басты мақсат - кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру.

Бұдан бөлек халық қалаулылары «КК Каметов клиникасы» медициналық орталығының жұмысымен де танысты.

Жоба 2020 жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8,5 млн теңгеге қаржыландырып, қажетті құрал-жабдықтары алынған. Қазіргі таңда орталықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Депутаттар орталық базардағы жеміс және көкөністердің бағасын көрді. Тұрғындармен сөйлесіп, жергілікті жердегі түйткілді мәселелерді, ұсыныс-пікірлерді тыңдады.

Аудандық аурухана ғимаратында болып, коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысып, кенттегі «Тағзым» аллеясында аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерімен кездесті.

Жеке кәсіпкер Қайыржан Құлтекеновтың жеке қаражаты есебінен салынған жоба құны 350,3 млн теңге құрайтын басейнмен танысты. Жүзу бассейнінде бір уақытта 20 адам қабылдауға мүкіндігі бар. Алдағы кезеңде оқушыларға арналған тегін жүзу үйірмесі ашылмақ. Үйірмеге 20-ға жуық оқушы қабылданып, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балаларына жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтар мен қарттарға күніне 1 сағат тегін кіруге жағдай жасалған