Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

2021 жылдың 13 шілде күні аудандық сайлау комиссиясы 5 учаскелік сайлау комиссияларының тораға хатшыларымен семинар кеңес өткізді, оған 17 адам қатысты.

Семинар кеңесте аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Алиев учаскелік сайлау комиссияларының 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған ауылдық округ әкімдерінің сайлауын ұйымдастырып өткізудегі міндеттерге тоқталды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 15 шілдеге дейін дауыс беру күні , уақыты және орны туралы хабар беру үшін 3633 шақыру билеті әрбір сайлаушыға уақытылы тарату қажет.

Әкімдікке кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін ұйымдастырып өткізу, санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізуді қатаң тапсырды.