Жалағаш су шарушылығының мамандарына құрмет көрсетілді

Жалағаш су шарушылығының мамандарына құрмет көрсетілді

9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай бүгін ауданда су шаруашылығының дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда аудан әкімі Асылбек Шаменов су шаруашылығының мамандарын мерекемен құттықтап, «Алғыс хатпен» марапаттады.

Мерейлі мерекеде марапатталғандардың қатарында «Жалағаш су шаруашылығы» өндірістік учаске басшысы Асқар Табынбаев, «Жалағаш су шаруашылығы» өндірістік учаске басшысының орынбасары Мақсұт Алмасов, «Жалағаш су шаруашылығы» өндірістік учаскесінің аға инжинер-гидротехнигі Сайлаубай Бисенов, «Жалағаш су шаруашылығы» өндірістік учаскесінің механигі Ғани Дүйсекбаев бар.

Сондай-ақ, Жалағаш аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің аға шеберлері Талғат Жалғасов, Нұрхан Құлымбаев, Жалағаш аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің көлік жүргізушілері Ғани Абдуаитов, Ғалымжан Ишанбековтер марапатталды.