Ауданда малды азықпен қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде

Ауданда малды азықпен қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде

2021-2022 жылдын қысына түсетін 54 мың шартты мал басын түзеді. Осы малдарды азықпен қамтамасыз ету үшін 78 мың тонна табиғи шөп, 23 мың тонна сабан, 21200 тонна құрама жем қажет деп есептелді.

Малдарды қажетті жем-шөппен камтамасы ету үшін ағымдағы жылы 600 гектар бидай, 142 гектар жүгері, 30 гектар арпа, 3960 гектар жаңа жонышқа егіліп, 6800 гектар ескі жонышқа күтімге алынды.

Осы орналастырылған ауылшаруашылығы дақылдарынан бидайдан 384 тонна, жүгеріден 114 тонна, 24 тонна арпа, жаңа жонышқадан 4474 тонна, ескі жонышқадан 33388 тонна мал азығына өнім алыну жоспарлануда.

Ағымдағы жылы мал азығындық дақыл ескі жонышқаның бірінші орымынан 6500 гектардың әр гектарынан 25,1 центнерден 16315 тн өнім алынса, екінші орымының 290 гектардың әр гектарынын 25,5 цн 470 тонна өнім жиналды.

Аудан бойынша жем-шөп дайындау, шабындық жерлерді анықтау және арзандатылған жанар-жағар май бөлу мәселелерін шешу мақсатында аудандық штаб құрылды.

Сонымен қатар аудан әкімдігі мал азығындық дақылдарды, оның ішінде бидай, арпа, жоңышқа шөбін егумен айналысатын 8 шаруашылық құрылымымен жем-шөп қорын жасақтау мақсатында меморандум жасалды.

Арал ауданында өткен жем-шөп жәрмеңкесіне ауданнан 5 көлік тіркемесімен мал азығындық жоңышқа шөбі жеткізіліп, халыққа қолайлы бағада сатылды.

Сондай-ақ, аудан жастары, еріктілер, "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары Арал, Қазалы аудандарына қолдау көрсету мақсатында шөп дайындау жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетуде.