Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

Орталық алаңда 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай бір топ еңбек және тыл ардагерлері, майдангер ұрпақтары, аудан жастары орталық алаңда орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған бабалар рухына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кету керек, Ұлы Отан соғысына Жалағаш ауданынан 2316 азамат қатысып, 1621-і майдан даласында мерт болды. Елге аман-есен оралған 695 азамат - бейбіт уақытта да елдің дамуы үшін аянбай еңбек етті.

Адамзат тарихындағы аса ауыр да қасіретті соғысты бастан кешірген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік істері - біздің жадымызда мәңгілік сақталады.