Жылжымалы вакцина егу жұмыстары Аламесек ауылында жалғасты

Жылжымалы вакцина егу жұмыстары Аламесек ауылында жалғасты

Жалағаш аудандық ауруханасы қызметкерлері аудандағы елді мекендерде жылжымалы вакцина егу жұмыстарын жүргізуде.

Еңбек және Аламесек ауылдық округтерінде вакцина егу жұмыстары жүргізілуде.

Аламесек ауылдық округінде жылжымалы диагностикалық кешен арқылы 50-ге жуық адам екпе салдырды. Екпе егу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Олардың арасында жасы 65-тен асқан қарт кісілер де ерікті түрде екпе салдыруда.

Вакцина қабылдағандардың жағдайы бірқалыпты, ешқандай шағымдану дерегі анықталған жоқ.

Барша аудан тұрғындарын аурумен күрес жолында санитарлық талаптарды берік ұстанып, инфекцияға қарсы екпе қабылдауға шақырамыз. Себебі, қазіргі сəтте індетті жоюдың бірден бір тиімді жолы - вакцинациалау болып табылады.