«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылуда

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы ауқымы кең бағдарлама. Бағдарлама аясында көп жастар жұмыспен қамтылып, қаржылай көмек алуда. Әрине, бұл орайда бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан жүктелген сенімді ақтау міндеттеледі. Десе де, жас мамандарымыздың ауылдық жерлерге жұмысқа барудан бас тартпайтындықтарын көптеген көрсеткіштер айқындап отыр. Айтар болсақ, 2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша 306 285,0 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан әрі, сенім білдірген өкіл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы келісім-шарттар отырып, қол қою жұмыстары  жүзгізіледі. 2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы - жастарымыздың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден орындарын табуларына ықпал етті. Сонымен қатар бағдарлама ауылдық елді мекендерді денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жас мамандармен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік болды.