Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру ұсынысы туралы

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру ұсынысы туралы

Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру ұсынысы халықаралық елдердің тәжірибесіне негізделген, онда олардың юрисдикцияларында міндетті мүшелік қалыпты деп танылады.

Мәселен, Германияда 30-дан арта қоғамдық ұйымдар  тұтынушылардың одағына біріктірілген, онда әрбір сала (сауда, қаржы, сақтандыру және т.б.) бойынша білікті сарапшылар жұмыс жасайды, бұл ретте дауларды мемлекеттік құрылымдардың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас институттар Сингапурда, Жапонияда және Австрияда тиімді жұмыс жүргізеді. Олардың басты міндеті – заңнаманы қалыптастыру мен жүзеге асырудағы тұтынушылық мүдделерді лоббилеу.

Біздің елімізге келетін болсақ, қазіргі таңда 112 тұтынушылардың  қоғамдық бірлестіктері тіркелген, оның ішінде 47 кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау қызметін атқарады, 65 тек тұтынушылардың мүдделеріне сай әрекет етеді, оның ішінде уәкілетті органмен өзара іс-әрекеттегі ең белсенділері  шамамен 40 жуық.

Алайда, қоғамдық бірлестіктерде салалық ерекшелік қалыптаспаған, салалар бойынша мамандандырылмаған және мәселелерді шешуге бірыңғай көзқарас жоқ. Олардың көпшілігі оқшауланған түрде жұмыс істейді, көбінесе бір-бірінің идеологиясына кедергі келтіреді, бұл мемлекеттік орган мен ҮЕҰ арасындағы қатынастардың тиімсіздігіне әкеледі. 

 Сондықтан қоғамдық бірлестіктерді бір қауымдастыққа біріктіру:

- Қауымдастық институтын саннан сапаға қарай қағидат бойынша қайта құру, өйткені тұтынушылар ҮЕҰ сенімділігі мен маңыздылығы туралы білгісі келеді. Бүгінгі күні елімізде тіркелген тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдарының жалпы санының өсуімен, едәуір ұйымдардың  саны номиналды, яғни қағаз жүзінде жұмыс істейді.

- барлық ҮЕҰ, оның ішінде ауылдық жерлерде орналасқан, әділетті азаматтық қоғам құру үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге,

- ҮЕҰ қызметінде, сауда, қаржы, медицина, туризм сияқты әр түрлі салалардағы бағыттарды дамытуға;

- тұтынушылардың дауларын шешуге мемлекеттің қатысуын барынша азайтуға мүмкіндік береді;

Өз кезегінде тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін дұрыс қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін бақылау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты ұсынылды.

Ол сонымен бірге азаматтық қоғам спикері және бірыңғай ұлтттық қауымдастықтың өкілдік функцияларын алады. Оны сайлауды азаматтық қоғам өзі жүзеге асырады.

Ұсынылған бастамалар 2020 жылдың төртінші тоқсанында бірнеше рет жұмыс топтарында, конференцияда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі  40 ең белсенді қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен сауда және интеграция министрлігімен ұйымдастырған азаматтық форумда талқыланғанын атап өту маңызды. 

Азаматтық қоғамның қызу пікірталастары нәтижесінде идеология негізінен қолдау тапты, сонымен бірге айтылған кейбір тілектерді, сауда және интеграция министрлігі ескеруді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция

министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын

қорғау комитеті Қызылорда облысының

тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.