«Қызылорда – Қарабұтақ» учаскесі бойынша ақы алудың ашық жүйесін енгізу туралы

«Қызылорда – Қарабұтақ» учаскесі бойынша ақы алудың ашық жүйесін енгізу туралы

2021 жылдың 17 ақпан күні ауданда «Қызылорда – Қарабұтақ» учаскесі бойынша ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі жөнінде ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдау» өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары – Дарибаев Алтынбек Турмаганбетович;

Тапсырыш Берушінің өкілі: Бауыржан Камалатден – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің бас менеджері;

Шанжархан Қамымханұлы Мырзабай – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары;

Хасенов Б.Ж- «CVT» ЖШС өкілі-инвестор;

Қоғамдық тыңдаушылар;

Қоғамдық тыңдауға  Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары – Дарибаев Алтынбек Турмаганбетович  күн тәртібіндегі мәселеге байланысты түсінік беріп өтті.

Күн тәртібіндегі әселе бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің бас менеджері Камалитден Бауыржан ашық төлем алу жүйесінің  жұмыс істеу принциптері, төлем тәсілдері, ақылы автомобиль жолдарының әлемдік тәжірибесі, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.

«CVT» ЖШС инвестор өкілі Б.Хасенов ақы алу ашық жүйесін енгізудің негізгі принциптері туралы айтты.

Қоғамдық тыңдау барысында сұрақ жауаптар түсті:

Сұрақ: Ақылы жолда қандай жағдайлар жасалады? Жол бойындағы қызмет көрсету және т.б?

Жауап: Б.Камалитден- Қазір мемлекет жол бойындағы сервисті жақсарту үшін жұмыс істеп жатыр, атап айтқанда жол бойындағы дәретханаларды жақсартуда және жаңаларын салуда. Олар жаңармай құю бекеттерін, жол бойындағы қонақ үйлерді және басқаларын салады.

Сұрақ: Жеңіл көліктер ақылы төлемдерден босатыла ма?

Жауап: Б.Камалитден- Автомобиль жолдары заңына сәйкес, 2-3  санатты жолдарда босатылған, яғни Қызылорда-Қарабұтақ жолында жеңіл көліктер төлемнен босатылады.

Сұрақ: Ақылы жолдың қандай пайдасы бар?

Жауап: Б.Хасенов- Елдің автомобиль жолдарына ақы төлеуді енгізудің басты мақсаты- оларды күтіп ұстауға бюджет шығындарын азайту.

Сұрақ: Өзіңіз білесіз бізде ауыл бизнесі дамыған, шаруашылықтар өнімдерін Қазақсан аумағына және жақын шет мемлекеттерге тасымалдайды, олар үшін жеңілдік бола ма?

Жауап: Бұл сұрақты ұсыныс ретінде енгіземіз.

Сұрақ: Төлем әдістері қандай?

Жауап: Б.Хасенов- Бұл жағдайда төлем Қолма-қолсыз болады.  Ең оңай және танымал төлем әдісі- Каспийдің қосымшасы арқылы жеке шотты толтыру. Сондай-ақ дербес шотты басқа банктердің қосымшалары, Касса-24, КИВИ терминалдары арқылы толтыруға болады.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындылары бойынша келесі ұсыныстар жасалды:

  1. Ауыл шаруашылығы техникаларын төлем төлеуден босату.
  2. Жүк көліктерді облыс ішінде тегін жүруін қарастыру.
  3. Сіз «Қызылорда-Жалағаш»  баламалы жолдың жағдайын көрдіңіз, баламалы жолдарды жөндеуді сұраймыз, олардың жағдайын жақсартуды сұраймыз, жөндеуден кейін оған да ақы жүйесін енгізілсе қарсы емеспіз.

Тыңдалған сұрақтар мен ұсыныстарды қабылданып ақпаратқа алынды:

Қоғамдық тыңдауға қатысқан Жалағаш ауданы тұрғындары «Қызылорда-Қарабұтақ» автожолында төлем қабылдау жүйесін енгізу хабарын қолдады.

Аудан аумағы арқылы өтетін күре жолдың күрделі жөндеуден өткеннен кейін бұл жолды пайдаланушылардың  саны жыл санап артып келеді. Оның ішінде жүк көліктердің қатары артуда.

Сондықтан аудан тұрғындары төлем жүйесін енгізілгеннен кейін, жиналған қаражат есебінен «Қызылорда-Қарабұтақ» автожолын күтіп-ұстау мүмкіндігі зор.