Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың ауылдарға жұмыс сапары Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың ауылдарға жұмыс сапары Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Аудан әкімі Асылбек Шаменов жұмыс сапары барысында  дәрігерлік амбулаториялық емханамен, А.Бисенов атындағы №38 орта мектеп жұмысымен танысты. Білім саласы қызметкерлерінің жағдайымен танысып, санитариялық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды. Одан соң ауылдық клуб, №7 "Шұғыла" бөбекжайының жұмысын көрді.

Ауылдағы дүкендерді аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларымен танысып, кәсіпкерге реті келсе бағаны тұрақты ұстап отыру қажеттігін айтты. Ауылдағы жөндеуді қажет ететін ішкі көшелермен танысты. Ауыл әкімі аппаратының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ауыл тұрғындары негізінен кіре берістегі Бейбітшілік көшесін (1 шақырым) асфальттау, ауылдық ауруханаға 1 дәрігер терапевт келсе деген ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

Аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың өтініші өзінің бақылауында болатынын, алдағы уақытта мәселелер шешімін табатынын жеткізді.

Ауыл тұрғындары аудан әкіміне алғыстарын айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.