Аудана әкімі Асылбек Шаменовтың ауылдарға жұмыс сапары Таң ауылдық округінен басталды.

Аудана әкімі Асылбек Шаменовтың ауылдарға жұмыс сапары Таң ауылдық округінен басталды.

Ең алдымен аудан басшысы ауылдық спорт кешенінің, «Таң бөбегі» бөбекжайының  жұмыстарымен танысып, елді мекенде жүргізілген абаттандыру жұмыстарын көрді.

Аудан басшысы сонымен қатар ауылдағы №118 орта мектепке барып, білім ордасының жұмыстарымен танысты. Биылғы жылы аталмыш мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжат дайындалғанын айтты.

Асылбек Өмірбекұлы ауылға жұмыс сапары барысында тұрғындардың да мәселелеріне құлақ түріп, жеке қабылдады.

Жеке қабылдауға келген Таң ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлашованың жұмысқа орналасу туралы мәселесін тыңдап, алдағы уақытта күн тәртібіне қойылатынын, бұл мәселе өзінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді.

Айта кету керек, былтырғы жылы Таң ауылының кіре-беріс автомобиль жолына орташа жөндеу, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Таң ауылындағы мәдениет үйі ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжат дайындалып, сонымен қатар 3 көшені жарықтандыру, ауылдық дәрігерлік емхананың құрылысы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасына ұсынылды.