Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Жалағаш аудандық мәслихаттың кезектен тыс 2-ші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Шаменов Асылбек Өмірбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, кент, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, және арнайы шақырылған кісілер  қатысты.

Сессияда мынадай мәселелер қаралды:

  1. 1. “2021 – 2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №69-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. 2. 2021-2025 жылдарға арналған Жалағаш ауданын дамыту бағдарламасын бекіту туралы.
  3. 2021 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.
  4. Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның есебі туралы.
  5. Жалағаш ауданының басқару схемасын бекіту туралы.
  6. Жалағаш ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы.
  7. Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылдың                                        І-жартыжылдығына  арналған  жұмыс жоспары.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.