2021 жылдың 15 қаңтарында жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

2021 жылдың 15 қаңтарында жетінші шақырылған  Жалағаш аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садық Алиев  ашып, мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерімен таныстырды және жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихаты депутаттарының мандаттарына ие болған халық қалаулыларын құттықтады. Сондай-ақ, депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.

Жалағаш аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның 1-сессиясының төрағасы болып депутат Мустафаева Каншагул Шонмурыновна сайланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша депутат Бекжанов Әліби Бақытбекұлының ұсынысы бойынша Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы болып депутат Курманбаева Гүлзат Ердаулетовна бірауыздан сайланды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша депутаттар Жалағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамдарын бекіті.

Сонымен қатар, аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» депутаттық фракциясын тіркеді және Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлады.

Жетінші шақырылған Жалағаш аудандық мәслихатының  депутаттары:

1) «Nur Otan» партиясынан:

Айтжанова Гүлжайна  Айтжанқызы

Базарбай  Еркін Базарбайұлы

Бекжанов Алиби Бакытбекович

Досымов  Қайрат  Алмасұлы

Кенжебаев  Ахан Алтынбекұлы

Курманбаева Гулзат Ердаулетовна

Мустафаева Каншагуль Шонмурыновна

Серәлі Нарбота  Серәліұлы

Тажибаева Улжахан Баймуратовна

Таттибаев Жанболат Курмангалиевич

2) «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясынан:

Есберген  Әуезхан Ибрагимұлы

Тауыпбаев  Асылбек  Тынарбаевич

Жалағаш  аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері:

“Экономикалық даму, қаржы және бюджет мәселелері” жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы.

Комиссия төрағасы - Бекжанов Алиби Бакытбекович.

Комиссия мүшелері: Мустафаева Каншагул Шонмурыновна, Есберген Әуезхан Ибрагимұлы,  Базарбай  Еркін Базарбайұлы.

“Әлеуметтік-мәдени даму, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері, заңдылық және азаматтар құқығы”  жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы.

Комиссия төрағасы - Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы.

Комиссия мүшелері: Тажибаева Улжахан Баймуратовна, Кенжебаев  Ахан Алтынбекұлы, Серәлі Нарбота Серәліұлы.

“Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық, кәсіпкерлік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері” жөніндегі тұрақты комиссиясының  құрамы.

Комиссия төрағасы- Таттибаев Жанболат Курмангалиевич.

Комиссия мүшелері:  Тауыпбаев  Асылбек  Тынарбаевич, Досымов  Қайрат  Алмасұлы.