Жалағаш ауданы: Жаңадария ауылдық округінде электр желілерін жаңарту жұмыстары толығымен аяқталған

Жалағаш ауданы: Жаңадария ауылдық округінде электр желілерін жаңарту жұмыстары толығымен аяқталған

Жаңадария ауылдық округінде 2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы аудандық бюджеттен 7,5 млн. теңге қаржы қаралып, «Абай» көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Қ.Сәтбаев және Достық көшелеріне 1,2 млн.теңге қаржы қаралып, жарықтандырылды.

Жаңадария ауылдық округінде 47 шағын кәсіпкерлік субьектілері аудандық кірістер басқармасына тіркеліп, бүгінгі күнге 46-сы жұмыс істеп тұр.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан 2 ауыл тұрғыны 13,2 млн теңгеге несие алып, жұмыстарын жүргізуде.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында дәнекерлеу, кондитерлік өнім өндіру, мал шаруашылығын дамыту, қой өсіру бағытында 5 ауыл тұрғыны әрқайсысы 550 мың теңгеден, барлығы 2 млн. 750 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алып, қазіргі таңда жобалар жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, «КРЕА» ЖШС-ның басшысы Қуанышбаева Рауа өткен жылы елді мекенге 2000 бас тауық балапанын әкеліп, құс өсіру бағытында кәсібін жалғастырып, жұмыссыз 4 азаматты жұмыспен қамтыды.

Жаңадария ауылдық округін ауыз сумен қайта жаңғырту өтпелі құрылыстары толығымен жүргізіліп, қазіргі таңда тұрғындар 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Елді мекендегі электр желілерін жаңарту жұмыстары толығымен аяқталған.

Биылғы жылы елді мекеннің кіре беріс Абай көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу, Сәтбаев және Достық көшесін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар ауылдық округте көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.