Учаскелік сайлау комиссия төрағалары мен хатшыларыларының семинар кеңесі өткізілді.

Учаскелік сайлау комиссия төрағалары мен  хатшыларыларының  семинар кеңесі өткізілді.

2021 жылдың 4-5 қаңтар күні аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Мәдениет, Еңбек ауыл округтерінде  және кент орталығында учаскелік сайлау комиссия төрағалары мен  хатшыларыларының  семинар кеңесі өткізілді.

Семинар кеңеске  аудандық сайлау комиссия мүшелері, Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемолигиялық  бақылау басқармасының басшысы О.М.Аханов, аудандық «Жалағаш Жаршысы» газетінің редакторы К.Қайрақбаев қатысты.

Семинар кеңесті аудандық сайлау комиссиясының төрағасы  С.Алиев ашты. Семинар кеңесте № 144, № 149, № 128 учаскелік сайлау комиссия төрағалары Б.Абдреева, Д. Алпысов,  С. Баймахан  ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастырып өткізуге байланысты атқарған жұмыстары жайлы хабарлама жасап, сайлау учаскесін таныстырды.

Семинарға қатысушыларға сайлауды ұйымдастыру өткізу жайлы «Дауыс беру күні» атты ролик көрсетілді.

Сайлау күні сайлау учаскелерінде санитарлық  талаптарын сақтау туралы Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемолигиялық  бақылау басқармасының басшысы  О.М.Аханов айтып түсіндірді.

Сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру жайлы аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Н.Байымбет хабарлама жасады.

Семинар кеңеске қатысушыларға есептен шығару куәліктері туралы нұсқаулыққа сай жұмыс жүргізу жайлы  комиссия мүшесі А.Кулумбаева түсіндірді.

Аудандық сайлау комиссия хатшысы А.С.Мадиева сайлауды дауысты санау және дауыс беру қорытындыларын шығару және оларды хаттамаға түсіріп рәсімдеу туралы жан жақты айтып түсіндірді.

Семинарға қатысушылар сайлаушылар тізіміндегі түзетулер байқаушыларды тіркеу туралы сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Алиев сайлаушылар тізімін нақтылап, ауруханада,үйде жатқан сайлаушыларды зерделеп, дауыс беруді ұйымдастыру, байқаушыларды тіркеуді заңға сәйкес жүргізуін,  сайлау учаскесіндегі  тәртіп ережесін сақтау жайлы айтып, семинар кеңесті қортындылады.