Аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Аққұм ауылдық округінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәселелер қаралды.

-Өздеріңізге белгілі, 2019 жылы және 2020 жылдың есепті кезеңінде ауданда сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Бұл көрсеткіштерді сақтап қалу күнделікті жұмыста қатаң бақылауды талап ететін мәселе болып қала бермек,- деді аудан әкімі Асылбек Шаменов.

Комиссия отырысында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы еркебұлан Жамалатов, Аққұм ауылдық округінің әкімі Асанбек Алтынбеков хабарлама жасады.

Комиссия төрағасы, аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты нақты тапсырмалар беріп, бағынысты қызметкерлердің жұмыстарына, орындаушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді, әрбір қызметкермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізуді, жеке қабылдауды жиі өткізуді қатаң тапсырды.