
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Рахатов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мардан Жамалатов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Ербол, сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғафур Ақмырзаев аудан аумағындағы жанармай және газ құю бекеттерінде мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жұмыстарының негізгі мақсаты – Жалағаш ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу, жанар-жағармай тапшылығының алдын алу және халықты тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін бақылауда ұстау. Осы бағыттағы бақылау шаралары аудан көлемінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Мониторинг барысында жанармай және газ құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығы, отын қорының жеткіліктілігі, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы зерделенді. Сонымен қатар, жауапты сала басшылары бекет қызметкерлері мен аудан тұрғындарына газ құю орындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығын сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.