Қауіпсіздік пен тазалық мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді

Қауіпсіздік пен тазалық мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері селекторлық режимде қатысты.

Мәжілісте құқықбұзушылықтың алдын алу, вандализмге жол бермеу, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясына атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

Жиында жауапты сала басшыларының хабарламасы тыңдалып, күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын күшейтуді, вандализм фактілерінің алдын алуды, су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстарын сапалы ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.