АУДАНДА САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУДАНДА САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың бақылауымен ауданда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстары барысында көшелер, аулалар, аялдамалар, қоғамдық орындар мен демалыс аймақтары қоқыстан тазартылып, ағаштар мен жол жиектері әктелді.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің қасбеттері сырланып, жолдардың таңбалау сызықтары жаңартылды. Сондай-ақ, жол белгілері ретке келтіріліп, жаңартылды.

Жиналған қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды.