Облыс әкімі мемлекет басшысының алғысымен марапаттады

Облыс әкімі мемлекет басшысының алғысымен марапаттады

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев республикалық референдумды жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан азаматтарды, құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларын, сондай-ақ қала және аудан әкімдерін марапаттады. Салтанатты шарада Президенттің Алғыс хаты мен «Барыс» төсбелгісі табысталды.

Марапаттау рәсімінде аудан әкімі Ардақ Ибраимов Президенттің Алғыс хаты және «Барыс» төсбелгісімен наградталды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Индира Орынбасарова Президенттің Алғыс хатымен марапатталды.