Аудан әкімі «Рухани қазына – 2020» фестивалінде жеңімпаз атанған Аққұм ауылдық клубын құттықтады

Аудан әкімі «Рухани қазына – 2020» фестивалінде жеңімпаз атанған Аққұм ауылдық клубын құттықтады

Аудан әкімі Асылбек Шаменов Аққұм ауылдық клубының директоры Гүлжайна Айтжанованы қабылдады.

Аққұм ауылдық клубы ұжымы Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІІ республикалық «Рухани қазына-2020» фестивалінде «Үздік ауылдық клуб» номинациясын иеленген.

- Киелі Жалағаш өңірі ежелден өзіндік мәдениеті қалыптасқан, тарих тереңіне тамыр тартқан өнер тарландарына бай өлке. Сыр өңірінің, ауданымыздың абыройын асқақтып, республика көлемінде өткізілген байқауда топ жарып, «Үздік ауылдық клуб» атануларыңыз біз үшін зор қуаныш. Бұл – аудандық мәдениет саласы қызметкерлерінің, Аққұм ауылдық клубы ұжымының еселі еңбегінің нәтижесі деп білемін, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Кездесу соңында Аққұм ауылдық клубының ұжымына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Айта кету керек, аталмыш фестивальға еліміздің барлық өңірлерінен 250-ден аса мәдениет ұйымдары мен сала қызметкерлері 50 номинация бойынша қатысты. Фестивальде Сыр өңірінен 14 мәдениет ұйымдары мен қызметкерлері бақ сынап, 5 номинация бойынша үздік деп танылды.