105 тұрғын дауыс берді

105 тұрғын дауыс берді

 

Жаңадария ауылында орналасқан №152 учаскеде сағат 9:00-ге дейін 105 тұрғын дауыс беріп үлгерген.

Жалпы референдумға қатысушылар саны – 301.
Таң атысымен бүгінгі референдумда ең алғашқы болып Әуесхан Тұрғанов дауыс беріп, ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен арнайы сыйлыққа ие болған.

Сондай-ақ мұнда мүмкіндігі шектеулі 6 азамат бар. Соның бірі Берік Әбетов. Ол учаскеге 100-ші болып келіп, өз таңдауын жасағаны үшін демеушілер тарапынан сыйлық үлестірілді.

 

 

https://zhalagash-zharshysy.kz