Жылдық көрсеткіштердің орындалуы және мерекелік іс-шараларға дайындық барысы қаралды

Жылдық көрсеткіштердің орындалуы және мерекелік іс-шараларға дайындық барысы қаралды

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында салалар бойынша жылдық көрсеткіштердің орындалуы, аудан халқының жаңа жыл мерекесін жоғары деңгейде қарсы алуы үшін атқарылатын жұмыстар, қоғамдық тәртіп пен тазалық шараларын күшейту мәселелері талқыланды.

«Жыл қорытындысымен барлық салада нақты нәтижелерге қол жеткізілуі тиіс. Алдағы мереке күндерінде тұрғындардың мерекені ерекше көңіл-күймен қарсы алуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл ретте жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар мазмұнды болуы қажет», – деді А.Ибраимов.

Жиын соңында аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.