Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы қорытынды сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы қорытынды сессиясы өтті

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы өтті.

Сессияның күн тәртібіне аудан әкімінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі, 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет, 2026-2028 жылдарға арналған кент және ауылдық округтер бюджеттері, аудандық мәслихат төрағасының есебі, аудандық мәслихаттың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту, ауданның осал топтағы азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын айқындау, сондай-ақ мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы мәселелер енгізілді.

Сессия отырысында аудан әкімі Ардақ Ибраимов жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, депутаттар алдында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді атап өтті.

 «Биыл бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. 2025 жыл өңіріміз үшін серпінді өзгерістер мен нақты жетістіктерге толы жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр еліне жасаған сапары өңірдің дамуына жаңа серпін беріп, бағытымыздың дұрыс екенін көрсетті. Үкімет пен облыс басшысының қолдауы, бірлескен еңбектің нәтижесінде ауданда бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыстар әлеуметтік саланы нығайтуға, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономиканы әртараптандыруға бағытталды. Нәтижесінде аудан барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізіп, тұрақты даму қарқынын сақтап келеді. Алдағы кезеңде де басталған жобаларды жалғастырып, қол жеткізген нәтижелерді нығайту – басты мақсатымыз», – деді аудан әкімі А.Ибраимов.

Аудан әкімі салалар бойынша негізгі көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталды. Атап айтқанда, 2025 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15,3 пайызға өсіп, 34,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 13,9 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 17,9 млрд теңгені құрап, 8,3 пайыз өсім көрсетті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 33,1 млрд теңге болып, жоспар 101,3 пайызға орындалды. Тұрғын үй құрылысында жалпы аумағы 18 443 шаршы метрді құрайтын 113 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бөлшек сауда көлемі 3,44 млрд теңгеге жетсе, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,56 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері 880 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аудан бюджеті жыл басында 9,3 млрд теңге болып бекітіліп, жыл ішінде 10,5 млрд теңгеге нақтыланды. Бюджет есебінен 2,1 млрд теңгеге 15 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жалпы құны 20,3 млрд теңгені құрайтын 48 нысанға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті басқармаларға қаржыландыруға ұсынылды. Алдағы жылдары іске асырылатын 10 нысан бойынша 107,1 млн теңгеге жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да оң динамика қалыптасты. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 795-ке жетіп, олардың 96,4 пайызы белсенді жұмыс істеп тұр. Қаржы институттары арқылы 3,2 млрд теңгеге 238 жоба қолдау тапты.

«Ауыл Аманаты» жобасы аясында 33 жобаға 166,5 млн теңге бөлініп, 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестициялар айтарлықтай артты. Тамақ өнімдерін өндіруге 1,86 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті. Су тапшылығына қарамастан, мемлекеттік қолдау мен жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде егін жинау жұмыстары толық орындалып, орташа өнімділік гектарына 60,1 центнерді құрады.

Инфрақұрылым саласында ауыз сумен қамту мәселесі толық шешіліп, аудан халқының 100 пайызы орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Газдандыру деңгейі 51,5 пайызға жетіп, бірқатар елді мекендерде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде аудан жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 94 пайызға жетті.

Білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларында да жүйелі жұмыстар атқарылып, жаңа нысандар пайдалануға беріліп, қолданыстағы мекемелер жаңғыртылды. Аудан спортшылары халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарда 279 медаль жеңіп алды.

Сессия отырысында ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағанбетов пен аудандық мәслихат депутаттары ауданның әлеуметтік-экономикалық