Өңдеу өнеркәсібін дамыту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері талқыланды

Өңдеу өнеркәсібін дамыту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері талқыланды

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалы аумағын абаттандыру мәселесі кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеп, тиісті жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе, құрылыс жұмыстарының сапасы, қызмет көрсету сапасын арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударуды міндеттеді.

Жиын соңында аудан әкімі көтерілген мәселелердің орындалу нәтижесі тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.