Аудан әкімі түрік инвесторларымен кездесті

Аудан әкімі түрік инвесторларымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Түркиялық "Ekton Group" компаниясы басшылығымен кездесу өткізді. Кездесуде шетелдік инвесторлар өздерінің инвестициялық жобаларымен таныстырып, оны ауданда жүзеге асыру тетіктерін талқылады.

Атап айтқанда, түрік компаниясы күріш қалдықтарын пайдалана отырып, экологиялық таза электр энергиясын өндіру жобасын ұсынды. Жоба аясында күріш сабаны, күріш кебегі, қоға сияқты өсімдіктерді қайта өңдеп, баламалы энергия көзі ретінде кәдеге жарату көзделіп отыр. Инвестициялық жобаның алғашқы кезеңінің құны шамамен 120 млн АҚШ долларын құрайды.

Кездесу барысында экологиялық қауіпсіздік талаптары жан-жақты талқыланып, жобаның өңір үшін маңыздылығы айтылды. Аудан әкімі шетелдік инвесторларға қажетті инфрақұрылым тарту, жер телімін бөлу және өзге де қолдау шараларын көрсету бойынша барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.

Жоба жүзеге асқан жағдайда ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, энергия тапшылығының алдын алуға, сондай-ақ аудан экономикасының артуына оң ықпал ететін болады.