
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібінде күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды.
Мәжіліске тиісті сала басшыларымен қатар, ауылдық округ әкімдері селекторлық режимде қатысты.
Аудан әкімі Отан алдындағы әскери борыштың маңыздылығына тоқталып, әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиіс азаматтарға түсіндірме жұмыстарын күшейту, тұрғындармен жеке кездесулер өткізу және жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге деген жауапкершілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.