
Бүгін Жалағаш кентінде күрделі жөндеуден өткен орталық стадионның ашылу салтанаты өтті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов арнайы қатысып, заманауи келбетке енген спорт нысанының ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандардың маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, бірқатар аудан спортшыларын және жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуына үлес қосқан сала мамандарын облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар жаңғыртылған орталық стадиондағы атқарылған жұмыстармен танысты.
Айта кетейік, орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстары Қазақстан футбол федерациясының "ALAN" жобасы аясында жүргізілді. Жобаның жалпы құны – 180 млн теңге.