
Бүгін, 25 қазан – Республика күніне орай және «Алтын күз – 2025» мерекесі аясында Жалағаш кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге ауданның еңбеккерлері мен жергілікті кәсіпкерлер қатысып, тұрғындарға өздері өндірген табиғи әрі сапалы өнімдерін базар бағасынан төмен бағамен ұсынды. Барлығы 165 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылымға шығарылды.
Сауда алаңында жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт өнімдері, балық, сондай-ақ, қыстық мал азығы жоңышқа, шөп прессі көпшілік тарапынан үлкен сұранысқа ие болды.