Аудан әкімі: әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайды

Аудан әкімі: әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайды

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентін аралап, тұрғындармен кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелер шешімін табуда.

Кездесуде кент тұрғындары мен көлік жүргізушілері аудандық емхананың автотұрағын ретке келтіруді, сондай-ақ Абай көшесіндегі ойылған жолдарды жөндеп, қайта асфальттауды сұраған болатын.

Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына тұрғындардың өтініші бірінші кезекте орындалуы тиіс екенін айтып, нақты міндеттер жүктеді.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес көп ұзамай аудандық емхананың автотұрағы толықтай асфальтталып, көлік қозғалысына ыңғайлы болуы үшін жолақтар сызылды.

Абай көшесіндегі бүлінген жолдар қалпына келтіріліп, асфальт төселді, жол белгі сызықтары жаңартылды.

Айта кету керек, бұған дейін кентте 15 көшеге жаңа асфальт төселген болатын.

Ауданда инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.