
Бүгін «Harvest Kazakhstan» ЖШС-нің бас директоры Дәулет Увашев бастаған делегация ауданға жұмыс сапарымен келді.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов инвесторлармен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды. Әсіресе егін шаруашылығын дамыту, жаңа жер телімдерін игеру мәселелері көтерілді.
Компания өкілдері егін шаруашылығына ұсынылған жер телімімен танысты.
Аудан әкімі инвестициялық жобаларға заңға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетілетінін, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмектер ұсынылатынын атап өтті.