
Бүгін Қызылорда қаласында «Алтын күз – 2025» мерекесіне орай Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке таңғы 08:00-де басталып, қала тұрғындарына аудан өнімдері төмендетілген бағамен ұсынылды.
Жәрмеңкені облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов арнайы аралап көріп, аудан диқандарының еңбегіне оң бағасын берді.
Жәрмеңкеге ауданнан 60 автокөлікпен 43 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді.
Қала халқына төмендетілген бағамен 40 тн күріш, 30 тн картоп. 20 тн жуа, 20 тн асқабақ, 10 тн сәбіз, 10 тн қауын, 15 тн қарбыз, қызанақ, қияр, бұрыш, қырыққабат, баклажан, қызылша, алма, балық, сондай-ақ, ет, сүт өнімдері ұсынылды.
Сонымен қатар, 10 тн мал азығы, 300 дана жоңышқа, 500 дана шөп пресс те қолжетімді бағада сатылды.
Айта кетейік, өнімдер базар бағасынан 15-30%-ға төмен бағамен ұсынылды. Жәрмеңке қала тұрғындарының жоғары сұранысына ие болып, тұтынушылар аудан еңбеккерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.