
Бүгін Қызылорда қаласында өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты жиынында Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша «Озат аудан» номинациясымен марапатталды. Марапатты облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкімі Ардақ Ибраимовке табыстады.
Сонымен қатар, салтанатты шарада Жалағаш ауданынан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар озат мамандар мен шаруашылық басшылары түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.