Аудан әкімі теміржол вокзалы құрылысымен танысты

Аудан әкімі теміржол вокзалы құрылысымен танысты

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде салынып жатқан теміржол вокзалына барып, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Аудан әкімі жауапты сала өкілдеріне құрылыс қарқынын арттыруды, нысан аумағын абаттандыру мен көркейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, аудан аумағындағы теміржол ұзындығы 47 шақырымды құрайды. Жалағаш станциясы арқылы бірнеше жолаушылар пойызы тұрақты түрде өтеді.