Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының өту барысы талқыланды

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының өту барысы талқыланды

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен ауданда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының өту барысы қаралды.

Мәжілісте салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары санақтың ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Атап айтқанда, аудан бойынша онлайн кезеңде санаққа жататын 1276 ауыл шаруашылығы субъектісінің 1245-і санақтан өтті. Бұл — 97,6 пайыздық көрсеткіш.

Аудан әкімі салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, санақтың сапалы әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуді, тұрғындарды толық қамтуды және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды