Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, заңсыз құрылыс жұмыстарының алдын алу және кент аумағындағы мекеме, кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін талапқа сай ұстау мақсатында рейд ұйымдастырылды.
Рейд барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіндегі талаптар түсіндіріліп, құрылыс қалдықтарын бейберекет тастаған кәсіпкерлік нысандар иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес хаттамалар толтырылып ескерту берілді.
Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ескерту парақшалары таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.