Аудан бойынша сенбілік өткізілді

Аудан бойынша сенбілік өткізілді

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жалағаш кентінде және барлық елді мекендерінде сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кенттегі тазалық жұмыстарын бақылап, санитарлық тазалық кезінде жиналған қалдықтарды дер кезінде шығару жөнінде кент әкімі мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сенбілік барысында жол жиектері мен жаяу жүргіншілер жолдары, қоғамдық орындар тазартылып, жабайы шөптер шабылып, қураған бұтақтар кесілді.

Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникамен тиісті орындарға шығарылды.