Депутаттар «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты

Депутаттар «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты

Облыстық мәслихат депутаттары Жалағаш кентінде орналасқан «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты.

Лагерь бір ауысымда 80 балаға дейін қабылдай алады. Қазіргі таңда лагерде 5 ғимарат бар. Оның төртеуі жатын орын ретінде пайдаланылса, біреуі 80 орынға арналған асхана. Сондай-ақ, ашық спорт алаңы, сыртқы бассейн және мәдени іс-шаралар өтетін арнайы алаң қарастырылған.

Жаңа маусымда 6 ауысымда 452 баланы қабылдау жоспарланып отыр. Оның ішінде 402 бала – міндетті оқу қоры есебінен, ал 50 бала – кәсіподақ есебінен демалады. Бір жолдаманың құны – 35 мың теңге, ал бір ауысым ұзақтығы – 10 күн.

Депутаттар лагерь ұжымымен, балалармен және тәрбиешілермен тілдесіп, материалдық-техникалық базасымен танысты. Лагерьдің қазіргі жағдайы мен жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.