«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда сенбілік ұйымдастырылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік барысымен танысып, жауапты сала басшыларына жұмыстарды тиімді әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Шабылған жабайы шөптер мен жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

Айта кетейік, сенбілік жұмыстары бүгін Жалағаш кентімен қатар барлық ауылдық округтерде де ұйымдастырылды.