Облыс әкімінің орынбасары Б.Жаханов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

Облыс әкімінің орынбасары Б.Жаханов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Асылбек Шаменовпен бірге бірқатар егіс алқаптарына барып, егін жинау барысымен танысты.

Ең алдымен «Сәрке батыр» ЖШС-нің егін алқабымен танысты. Серіктестік 2003 жылы құрылған. Құрылым егін шаруашылығымен айналысады. Қазіргі таңда серіктестікте 130 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биылғы жылы 1335 гектар күріш дақылдарын, 30 гектар бидай, 130 гектар мақсары, 249 гектар жаңа жоңышқа, 620 гектар ескі жоңышқа орналастырды. Өткен жылдың қорытындысымен серіктестік гектарына 63 центнерден өнім алған. Биыл да жоғары межеден көрінеміз деген сенімдері бар.

Бақыт Дүйсенұлы сондай-ақ, М.Шәменов ауылдық округіндегі «Мега-Агро» ЖШС-нің егін жинау жұмыстарымен де танысты. Биыл серіктестік 980 гектар жерге күріш дақылдарын, 51 гектар жерге мақсары, 87 гектар жаңа жоңышқа, 240 гектар ескі жоңышқа орналастырған. Жыл сайын техника паркі жаңаланып тұрады.

Облыс әкімінің орынбасары Бұқарбай батыр ауылындағы «Байтабын» ЖШС-нің, Таң ауылдық округіндегі «Таң ЛТД» ЖШС-нің егін жинау жұмыстарымен де танысты.

Құрылғанына 20 жылдан астам уақыт болған «Байтабын» ЖШС жыл сайын техника паркін жаңалап тұрады. Серіктестікте күріш тұқымын сақтайтын 2 қойма, 30 тонналық таразы, техника қоятын ангар, Петкус күріш тазарту құрылғысы салынған. Биылғы жылы 1409 гектар күріш, 50 гектар бидай, 253 гектар жаңа жоңышқа, 554 гектар ескі жоңышқа орналастырды.

Таң ауылдық округіндегі «Таң ЛТД» ЖШС былтырғы жылы тұқым шаруашылығы статусын алған. Жыл сайын техника жаңарту жұмыстарын жүрігзіп келеді. Құрылымда барлығы 50 ауылшаруашылығы техникалары бар. Биыл 1170 гектарға күріш дақылдары, 198 гектар мақсары, 188 гектар жаңа жоңышқа, 356 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған.   

Аталған шаруашылықтар күзгі жиым-терім жұмыстарын 10 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Облыс әкімінің орынбасары, аудан басшысы диқандарға мол өнім алуды, астықты ысырапсыз жинап алуға тілектестігін білдірді.