Халық заңгері» акциясы аясында жеке қабылдау өтті

Халық заңгері» акциясы аясында жеке қабылдау өтті

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау аудандық "Руханият" орталығында ұйымдастырылып, тұрғындардың жеке сұрақтары мен өтініштері тыңдалды.

Көтерілген мәселелер бойынша заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатыны айтылып, әрбір өтінішті жеке бақылауға алу жөнінде сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заң тұрғысынан кеңестер ұсынды.