Жалағаш ауданы: Ерікті жастар түрлі бағыттағы 10 жобаның шағын грант иегері атанды

Жалағаш ауданы: Ерікті жастар түрлі бағыттағы 10 жобаның шағын грант иегері атанды

2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында Жалағаш ауданының ерікті жастары түрлі бағыттағы 10 жобаның жеңімпазы атанды. Барлық жобаның құны 3 млн 600 мың теңгені құрайды. Атап айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Қызылорда облысының ауылдық ҮЕҰ-дың және бастамашыл топтардың әлеуетін көтеруге арналған 3 грант, «Birgemiz Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында 2 шағын грант, «Birgemiz: Umit » волонтерлік бағыты бойынша 4 шағын грант,  «Birgemiz: Saulyq » волонтерлік бағыты бойынша 1 шағын грант иеленді.

Жобалардың барлығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, бұқаралық спортпен айналысу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық, медициналық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылуда.

Ауданда алдағы уақытта шағын грант иеленуге 7 бағыт бойынша 30 жобаға өтінім берілді.