Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы және көктемгі бау-бақша дақылдарын орналастыруды мерзімінде орындау мәселелері қаралды.

Кент және ауылдық округтерде тұрғындар тарапынан картоп және бақша дақылдарын орналастыру үшін жер телімі дайындалды.

Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Құрманбай Ата» шаруа қожалығы 10 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен картоп және бақша дақылдарын егіп жатса, Таң ауылдық округіндегі «Бірлік» шаруа қожалығы да 10 гектар жерге бақша дақылдарын орналастыруда.

Аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне көктемгі дала жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде атқарылуын, бөлінген жер телімдерінің толық игерілуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану қажеттігін тапсырды.

Сонымен бірге, тиісті бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын және «Ауыл аманаты» жобасының тиімді әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді жүктеді.