
«Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын (2026 жылғы 12 сәуірден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар хабарлау жәнежариялау тиіс екендігін ескертеміз.
Бұқаралық ақпарат құралдары, ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. Заңнаманың осы нормасын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша эфирден және баспа сөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аумақтық сайлау комиссиясына берілуге тиіс.