Лого
Меню
Страницы

Республикалық референдумды өткізу мен ұйымдастыру мәселелері бойынша ОРК отырысы өтті

Республикалық референдумды өткізу мен ұйымдастыру   мәселелері бойынша ОРК отырысы өтті

2026 жылғы 12 ақпанда 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде ҚР Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды: 

1. «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру аспектілері туралы»;

2. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы;

3. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы;

4. 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы.

Отырысқа ҚР Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімі аппараттарының басшылары және аумақтық референдум комиссияларының мүшелері бейне-конференциялық байланыс арқылы қатысты.

ОРК отырысы сурдоаудармамен қамтамасыз етіліп, ОРК интернет ресурсы мен Youtube арнасы арқылы онлайн көрсетілді.

Толығырақ ОСК интернет-ресурсында:  https://www.election.gov.kz  

Социальные медиа
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
instagram
youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты