Лого

Меню

Страницы

Статья

Протокол заседания аппаратного совещания от 15 июля 2025 г.

Аудан әкімі А.Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілістің

ХАТТАМАСЫ

№_____

Жалағаш кенті   2025 жылғы 15 шілде

Төрағалық еткен: аудан әкімі А.Ибраимов

Қатысқандар: (тізім бойынша)

І. «Салық базасын ұлғайту шаралы туралы»

(А.Ибраимов, Ж.Несіпбаев, Н.Маратқызы)

  1. Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (м.а. Ж.Несіпбаев к.б.), кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің нысандарын түгендеу және қайта бағалау бойынша жұмыстарды жеделдетуге заңнама аясында шаралар қабылдасын (мерзімі: 20.07.2025 жыл);

2) көлік салығынан берешекті өндіру жұмыстарын аяқтасын (мерзімі: 20.07.2025 жыл);

  1. Аудандық полиция бөлімі (м.а. С.Искаков к.б.), кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп:

1) көлік салығынан берешектерді өндіру бойынша күнделікті рейд жұмыстарын жүргізіп, заңдылыққа сәйкес шаралар қабылдасын (мерзімі: тұрақты);

2) атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсынсын (мерзімі: күнделікті)

  1. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын үйлестіру және бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатовқа жүктелсін.

ІІ. «Тіркелген кәсіпкерлік субъектілері жоспарының

орындалуы туралы»

(А.Ибраимов, Б.Демеуов)

  1. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (м.а. Б.Демеуов), кент және ауылдық округі әкімдері:

1) шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдасын (мерзімі: тұрақты);

2) мемлекеттік және өңірлік бағдарламалармен кәсіпкерлікті дамыту бағытында жеңілдетілген несие, грант қаражаттарын алу арқылы тіркелген кәсіпкерлік субъектілері жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін (мерзімі: 20.07.2025 ж);

  1. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (м.а. Б.Демеуов), аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі (Ә.Біржан) кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, елді мекендерде құрылысы жүргізіліп жатқан кәсіпкерлік нысандар жөнінде мәлімет ұсынсын (мерзімі: 17.08.2025 ж);
  2. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын үйлестіру және бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатовқа жүктелсін.

ІІІ. «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасының ауданда орындалуы туралы»

(А.Ибраимов, Қ.Бөлембаев)

  1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Бөлембаев) кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырманың 7 айдың қорытындысымен 60 пайызға орындалуын қамтамасыз етсін (мерзімі: 01.08.2025 ж).
  2. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменовке жүктелсін.

Жалағаш ауданының

            әкімі                                                                    А.Ибраимов

 

Дата публикации
23 июля 2025
Дата обновления
23 июля 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
01 августа 2025
Границы избирательного участка по выборам акима сельского округа Мадениет, назначенных на 31 августа 2025 года.
01 августа 2025
Помещения, предоставляемые кандидатам на договорной основе для встреч с избирателями
Информация
24 июля 2025
О стоимости услуг на 2025 год по размещению предвыборных агитационных материалов кандидатов

Социальные медиа

youtube
instagram
facebook

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации